Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін ұрып, полицейлерден қашқан қостанайлық жазаланды

Опубликовано:

Қостанайда отбасында жанжал шығарған тұрғын ұсталған сәт
Қостанайда отбасында жанжал шығарған тұрғын ұсталған сәт. Фото: polisia.kz

Қостанайда сүйіктісін ұрып-соққан және оқиға орнына келген полицейлерден қашып кеткен тұрғынға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды "Алау".

Бұған дейін полиция өкілдері 30 қазанда бір әйел полицияға жүгініп, күйеуімен жанжал шыққанына шағымданғанын хабарлаған. Ер адам сүйіктісінің жұмысында жанжал шығарыпты. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 37 жастағы ер адамды ұстап, учаскелік инспекторға жеткізген.

Полицейлер ер адамнан алкоголь иісі шығып тұрғандықтан, медициналық куәландыруға жеткізген. Жол бойында ер адам тәртіп сақшыларының көлігінен шығып кеткен. Сондықтан оған қатысты екі бірдей әкімшілік өндіріс ашылған: ұрып-соғу және полицияның талабын орындамау.

"Сотта азамат Е. аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл және ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - деп жазады басылым.

Соттың қаулысы заңды күшіне енбеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044242-aielin-uryp-policeilerden-qasqan-qostanailyq-zazalandy/

pixel