jitsu gif branding logo appbranding logo app
Эзотерика

    "Қазгидромет" мамандары сирек табиғи құбылыс неге Қазақстанда көрінгенін түсіндірді

    Мағжан Жұмабаев ауданындағы Теріскей шұғыласы
    Мағжан Жұмабаев ауданындағы Теріскей шұғыласы. Фото: pkzsk.info

    6 қарашаға қараған түні Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрғындар теріскей шұғыласына куә болды. "Қазгидромет" РМК мамандары бұл құбылысты геомагниттік белсенділіктің нәтижесінен болғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін біз бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысының тұрғындары 6 қарашаға қараған түні Қазақстан үшін ерекше құбылыс – теріскей шұғыласын байқай алғанын жазған болатынбыз.

    Алайда "Қазгидромет" РМК өкілдерінің айтуынша, теріскей шұғыласы Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында тіркелген.

    "Теріскей шұғыласы күннен бөлінген қуатталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде байқауға болады. Теріскей шұғыласы – геомагниттік белсенділіктің нәтижесі", - деп түсіндірді мамандар.

    Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерімізге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі. "Газета.ru" сайтындағы ақпарат бойынша, теріскей шұғыласы - бұл ғаламшардың магнит өрісіндегі Күн желінің қуатталған бөлшектерінің қозғалысынан туындаған Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарының жарқырау құбылысы. Әдетте мұндай құбылыс аврорарлық аймақтарда байқалады – Жердің магниттік полюстерін қоршап тұрғандықтан, жоғары ендіктерде орналасқан белдеулерде осы құбылыс байқалады екен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.