"Дубайда ота жасаттым": "ӨКМ операторы" экс-құрылтайшысы сотта кінәсін мойындап, көзіне жас алды
Жарияланған күні:
Астанада БАӘ-ден экстрадицияланған "ӨКМ операторы" бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға қатысты істі қарау жалғасып жатыр, сотталушы кінәсін толық мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Отырыстың басында сот адвокаттардың сот талқылауын қысқартылған тәртіппен өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды. Оған сотталушының кінәні мойындауы, залалды өтеуі және Мұқтарованың істе дәлелдемелерге уәж айтпауы себеп болды.
"Маған тағылған айыпты толықтай мойындаймын, жасалған қылмысқа өкінемін. Алматыда мен "Люксорда" шамамен 2013-2015 жылдары жұмыс істедім, онда мен Светлана Коротенкомен таныстым – ол маған ЖШС-нің қатысушысы болуды ұсынды. Мен келістім... ол мен қол қойған құжаттар пакетін дайындады. 2016 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін мен "ӨКМ операторы" ЖШС қатысушысы, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "ECO WASTE SOLUTIONS" ЖШС директоры болдым. 2017-2018 жылдары Коротенко маған дивидендтерді бөлу үшін "ӨКМ операторы" ЖШС-де жиналыс өткізу керегі туралы айтты, мен келісіп, заңнаманың қыр-сырын білмей және іс-әрекеттің заңдылығына сенімді бола отырып, бірқатар құжатқа қол қойдым. Мен 920 мың теңге сомаға дивиденд алдым, ал мен құрылтайшы болып табылатын "ECO WASTE SOLUTIONS" ЖШС-ға қалған қаражат аударылды. Мен құжаттарға қол қойғанымды жоққа шығармаймын", – деді Мұқтарова.
Сөз сөйлеу кезінде сотталушы эмоциясын әрең ұстап, сотта сөйлеуге дайындалған мәтінді көзіне жас ала отырып оқыды. Мұқтарова "ӨКМ операторы" ЖШС-да заңсыздық жасағанын білмей, БАӘ-ге онкологиялық дертін емдеуге кеткенін айтты.
"2021-2022 жылдары операциядан кейін тексеру жүргізу қажеттілігіне байланысты БАӘ-ге барып, сол жерде болдым. Менің әкем қайтыс болды – 40 күннен кейін оны жерлегеннен кейін онкология анықталды, мен оны растауға бардым (ауру – ред. еск.) және ауруханаға жүгіндім, сонда маған ота жасалды. Мен өз кінәмді мойындаймын, бірақ бұл туралы білмедім. Мені Қазақстанға қайтарды, өз еркіммен оралдым. Менің Алматыда науқас анам бар, студент ұлым бар, қызым мен немерем бар, кінәні толық мойындаймын және болашақта мұндай әрекеттерге қатысқым келмейді. Ақша (дивидендтер – ред. еск.) ешқайда кетпеді – олар есепте болды, біз ешқашан ештеңе қолданбадық. Мен залалды өз еркіммен өтедім", - деді Мұқтарова.
Мұқтарованың ісі
Шілде айында Астана сотында "ӨКМ операторы" ісінің басқа да қатысушыларына – ЖШС басшыларына және іс бойынша көмекші ретінде іске тартылған экология экс-вице-министріне қатысты үкім шығарылды. Олар 1 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот үкімін шығарған судья Шынар Мұқтарованың осы істегі рөлі туралы да хабарлады, бұл кезде ол іздеуде болған. Судьяның айтуынша, ол басшылардың бірімен бірге бюджеттен 920 млн теңге ұрлық жасаған, ақша дивиденд түрінде ресімделген.
Мұқтарова Дубайда Интерполдың көмегімен ұсталып, Қазақстанға экстрадициялағаннан кейін Астана соты істі жеке қарауды бастаған. Тағылған айыптарға тоқталсақ: ҚР ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі бойынша-қылмыстық топ құру не оған басшылық жасау; ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша - бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру.
Адвокат Мұқанованың өтінішіне сәйкес, оның процесі бойынша фото және видео түсіруге тыйым салынады. Сотта Мұқтарованың қорғаушы тарапы оның іс жүргізу келісімін жасауға және келтірілген залалды өтеуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044306-dubaida-ota-zasattym-operator-rop-eks-quryltaisysy-sotta-kinasin-moiyndap-kozine-zas-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.