Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Нұрсұлтан, Әнипа және Болат Назарбаевтардың бірге түскен суреті жарияланды

Опубликовано:

Болат Назарбаев
Болат Назарбаев. Фото: Saliqaly.kz

Әлеуметтік желілерде Болат Назарбаев ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпараттан кейін оның Нұрсұлтан, Әнипа Назарбаевтармен түскен суреті жария болды. Алайда фотосурет нақты күні түсірілгені белгісіз, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мүгедектер арбасында отырған Болат пен Әнипаның түскені суреті әлеуметтік желілерде тарады. Аноним дереккөздер Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда туған інісіне ауруханаға кіріп-шыққанын жазған. Олардың жанында суретте қарындасы Әнипа мен жиені Самат Әбіш тұр.

Фотосуреттің нақты қай күні түсірілгені белгісіз.

Былтыр жазда Болат Назарбаев онкологиялық ауруы анықталғаны хабарланған еді. Содан кейін экс-президенттің інісі фотодағыдай күйде болған. Суреттің Болат Назарбаевты ауруханаға жатқызу туралы ақпараттан кейін жарияланғаны да назар аудартады.

Ал Орталық клиникалық аурузанасының баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне оның денсаулық жағдайы туралы айтып берді.

"Бүгінгі таңда пациент орталық аурухананың жансақтау бөлімінде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пациенттің жағдайына қатысты жеке ақпаратты туыстарының келісімінсіз жария етуге құқығымыз жоқ. Бұл мәселеге түсініктеме беруге мүмкіндігіміз жоқ", - деп хабарлады аурухана өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044315-nursultan-anipa-zane-bolat-nazarbaevtardyn-sureti-zelide-qyzu-talqylanyp-zatyr/

pixel