Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құтқарушылар "Аюсай" шатқалында адасып кеткен ер адамды екі күннен кейін тапты

Опубликовано:

Ер адам
Адасып кеткен ер адам. Фото: Алматы қалалық ТЖД

70-ден астам құтқарушы мен "Доброспас" еріктілері Іле Алатауы тауларында адасып кеткен ер адамды екі күн бойы іздеп, аман-есен тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 4 қарашада сағат 17:43-те Алматы ТЖД 112 пультіне "Аюсай-3" сарқырамасы аумағында тұрған 1971 жылы туған ер адамнан хабарлама келіп түскен. Ол қаланы биіктен көріп тұрғанын, алайда тік беткейден өздігінен түсе алмай жатқанын жеткізген.

Шақырту қабылдағаннан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына Үлкен Алматы көлі бекетінде орналасқан "109" құтқару қызметінің құтқарушылары, қосымша көмек ретінде Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы (оның ішінде 1 кинологиялық есеп) жіберілген.

"Аюсай" шатқалына жеткеннен кейін құтқарушылар түн болғанына қарамастан, жоғалған адам болуы мүмкін "Аюсай" шатқалының барлық үш сарқырамасының аумағын қарап шыққан.

Сонымен қатар ТЖД бастығының м.а., полковник Айтеев Асанның басшылығымен дереу "Аюсай" шатқалында жедел штаб құрылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 36 адам, 3 кинологиялық есеп және "Доброспас" еріктілері жұмылдырылған. Бұдан бөлек, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылған.

Ер адам
Адасып кеткен ер адам. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Жедел кезекшілер жоғалған ер кісінің жолдасымен байланысқа шыққан. Әйелінің айтуынша, жұбайы тауға сенбі күні таңғы сағат 7-де кеткен, сағат 7:23-те экопостта екенін айтып, хабарлама жіберген. Алайда сағат 11-04-те "Аюсай" тауына дейін 1,5 километр қалғанын жазғаннан кейін байланысқа шықпаған. Байланыс болмағаннан кейін геолокацияны да жібере алмаған.

Ер адамды іздеу қараңғыда, күрделі таулы рельеф аумағындағы тік беткейлерде жүргізілген. Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар альпинистік жабдықты қолданған.

5 қарашада таңертең құтқару операциясына ерікті құтқарушылар қызметінің бірінші тобы, сондай-ақ РЖҚЖ құтқарушыларының қосымша күші тартылған (оның ішінде бір кинологиялық есеп).

Құтқару операциясына ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиабортын да тарту көзделген, алайда күрделі рельеф пен тығыз өсімдік беткейлері қозғалысты байқауға мүмкіндік бермегендіктен, Алматы қаласы ТЖД дрондары мен командалық-штаб машинасы пайдаланылған.

6 қарашада сағат 09-58-де еріктілердің екінші тобы "Аюсай" шатқалындағы үшінші сарқырамадан жоғары аумақтан 1971 жылы туған азаматты байқап қалып, аман-есен тауып алған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 71 адам, 5 кинологиялық есеп жұмылдырылған. 10 техника және 4 ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044342-qutqarusylar-ayusai-satqalynda-adasyp-ketken-turisti-eki-kunnen-keiin-tapty/

pixel