Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көне Тараз бен ежелгі Олимпия қаласы арасында бауырластық орнады

Опубликовано:

Бақытжан Орынбеков және Георгиос Георгиопулус құжатқа қол қоюда
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Биылғы жылы 4 қарашада Грекияда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және Ежелгі Олимпия қаласының мэрі Георгиос Георгиопулус екі шаһар арасында бауырластық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойды.

Ежелгі уақытта Олимпиада ойындарының ережелері жазылған Ифита дискі сақталатын, ал қазіргі уақытта әр 2 жыл сайын Олимпиада алауын тұтату салтанаты өтетін Гера ғибадатханасының алдындағы грек халқы үшін қасиетті жерде өткен шараға Қазақстанның Грекиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев, Қазақстан – Грекия Іскерлік Кеңесінің Тең төрағалары Жақсыбек Құлекеев және Томас Ламнидис, Халықаралық Олимпиада академиясының президенті Исидорос Кувелос және Қазақстанның Криттегі Құрметті консулы Спиридон Занниас қатысты.

Бақытжан Орынбеков пен Ежелгі Георгиос Георгиопулус
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігі мен Қазақстан – Грекия Іскерлік Кеңесінің бастамасымен өткен басқосуда Бақытжан Әмірбекұлы жаңа серіктес қаламен ынтымақтастық орнату екі шаһардың өзара дамуы үшін қолайлы екендігін, мәдениет, спорт, туризм, ғылым және білім беру саласында тәжірибе алмасуды жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараздық делегция
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мэр Георгиос Георгиопулус өз кезегінде 2000 жылдан астам тарихы бар ежелгі Олимпия Шығыс пен Батыстың халықтары мен мәдениеттерінің түйісетін жері екенін айтып, көне Таразбен достық, бауырластық қатынас орнатуға қуанышты екенін жеткізді.

Тараздық делегция
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Сондай-ақ Илия грек өңірінің бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен өткен кездесу барысында екі елдің өңірлері мен іскер топтары арасындағы экономикалық байланысты нығайту және қатынастарды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044383-kone-taraz-ben-ezelgi-olimpiya-qalasy-arasynda-bauyrlastyq-ornady/