Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында 50-ден аса мұнайшы жұмыссыз қалуы мүмкін

Опубликовано:

Мұнай кен орны
Мұнай кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында 50-ден аса мұнайшы жұмыссыз қалуы мүмкін. Өңірдегі қара алтын өндірумен айналысатын ірі компаниялардың бірі инженерлері мен технологтарын жаңа жыл алдында қысқартуды жөн деп шешкен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметіне сәйкес, "Ұлы қабырға" деп аталатын компания бірер күн бұрын мұнайшыларға мессенджер арқылы хабарлама жіберген. Онда қарашаның 30-нан бастап жұмыстан қысқартатыны туралы айтылған. Тізімге 54 қызметкер іліккен. Көбісі кен орнындағы қауіпсіздікке жауап беретін мамандар мен инженер-технологтар.

Жұмыссыз қалғалы отырған мамандар көмек сұрап кәсіподақ басшылары мен еңбек инспекциясын жағалауда.

"Алдын ала бізді жинап алып, кәсіподақ комитеті жиналыс өткізіп, бізге ешқандай ескерту жасаған жоқ. Тек аяқ астынан "міне, қысқартуға кеттіңдер, 30 қарашаға дейін" дейді. Қиын. Жасым 55-ке келді. Маған жұмыс табу қиын. деген. Көбісі жасы келіп қалған адамдар", - деді мұңайшы Талғат Қожықов.

Инспекция өкілдері еңбек дауына қатысты "Ұлы қабырға" серіктестігін тексеруге кіріскен. Бұрғылаумен айналысатын мекеме "СНПС-АқтөбеМұнайГаздың" мердігері ретінде тапсырысын орындап келеді.

"Қазір тексеріс жүріп жатыр. Сонымен қатар ана жұмыс берушімен бірнеше рет кездесу өткіздік. Соның арқасында қазір 19 адамды қысқартпайтын болды. Әртүрлі жағдаймен. Ал қалған 35 адамды қысқарту болады дегендей. Сонымен әлде де сөйлесіп, кездесіп, әрекет жасап жатырмыз. Тексеріс те жүріп жатыр", - деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Исқарин.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044409-aqtobe-oblysynda-50-den-asa-munaisy-zumyssyz-qalmaq/

pixel