"Расталмаса да, ақша алынады": алаяқтар қазақстандықтарды алдап соғудың тағы бір жолын тапты
Жарияланған күні:
Алаяқтар қазақстандықтарды алдап соғудың тағы бір жолын тапты. Олар салық төлеу туралы жалған шот ұсынып, банк есепшоттарынан қаражат алып қояды, деп жазады KAZ.NUR.KZ МКД өкілдеріне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сайтында осындай ескерту жарияланған. Онда қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде алаяқтар белсенді жұмыс істеп жатқаны айтылады.
"Олар "банктің мобильді қосымшасы" арқылы жалған хабарламалар жіберіп, салық міндеттемесін орындау туралы мына мазмұндағы ақпарат таратылып жатыр: "Төлеу" бөлімінде "Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды", батырманы басқан кезде салық төлеушілердің банктік шоттарынан қаражат төлемдерді растаусыз-ақ алынады", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражатты рұқсатсыз алып қоюдың алдын алу үшін салық бойынша берешектің бар я жоқ екені туралы мәліметтерді мына ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы нақтылап тексеруді ұсынады:
- "Каспи банкі" АҚ ("Барлық төлемдер" сервисінде → "Айыппұлдар және салықтар" → "Салықтар" → "Салық берешегін төлеу" → "Тексеру");
- "Халық банкі" ("Барлық төлемдер" сервисінде → "салықтар, айыппұлдар, ХҚКО қызметтері" → "Салықтар" → "Салық берешегін төлеу (көлік, жер және мүлік)" → "Тексеру");
- "e-Salyq Azamat" ("Электронды сервистер" қойындысы → "Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі"→ "ЖСН-ды енгізу" → "Іздеу").
Сондай-ақ МКД өкілдері заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдер бұл әркімнің парызы және міндеті екенін еске салып, алаяқтардың арбауынан сақ болуға кеңес берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044422-rastalmasa-da-aqsa-alynady-alayaqtar-qazaqstandyqtardy-aldap-sogudyn-tagy-bir-zolyn-tapty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.