Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боранбаевқа колонияда жасалған айрықша жағдай әшкере болды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев колонияда жазасын өтеген кезде ұялы телефон қолдануға және туған күнін алкогольмен атап өтуге мүмкіндік берілген. Тіпті бизнесменге интим қызметі көрсетілген. Бұл туралы Қайрат Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдарында айтылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Боранбаевтың жиені жазасын өтеп жатқан оған айрықша сыйлықтар жасап, қызмет көрсету үшін аты аталмаған тұлғаларға пара бергені анықталды. Әбілхан Боранбаев пара бергені үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Атап айтқанда, Әбілхан Боранбаев ағасына осындай сый жасап, оған интимдік сипаттағы қызметтердің ақысын төлеп берген екен.

"2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 20:40-та Қ. С. Боранбаевты тергеу изоляторындағы ҚМА ғимаратынан уақытша тергеу изоляторына жеткізу кезінде қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында жол жүру бағытынан ауытқып, пара беруші А. Т. Боранбаевтың пайдасына заңсыз әрекеттер жасап, Астана қаласы Алаш тасжолында орналасқан "Нұр" кафесінің маңында тоқтады, атап айтқанда - Боранбаевқа интим қызметін көрсетушімен кездесуге мүмкіндік берді, сондай-ақ өзінің туған күнін алкогольді ішімдіктермен атап өтуге мүмкіндік жасады. Куәгер әйел А. Т. Боранбаевтың кешкі уақытта Қ. С. Боранбаевпен кездесу ұйымдастырып бергенін айтты. Олар қара түсті джипте кездесті. Ол (әйел) ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсетті", - деп келтіреді телеарна тілшілері қылмыстық іс материалдарын.

Еске салайық, 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққан еді. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі кәсіпкерге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды. 2023 жылдың қыркүйегінде Астанадағы апелляциялық сот Боранбаевты мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі колонияға 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044430-boranbaevqa-koloniyada-zasalgan-airyqsa-zagdai-askere-boldy/

pixel