jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы мектептердің бірінде жүзден аса қызметкер екі ай бойы жалақы алмаған

Қорап ұстаған әйел
Көрнекі фото: piqsels.com

Прокуратура Астанадағы мектептердің бірінде жүзден аса қызметкердің екі ай бойы жалақы алмағанын анықтап, олардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметіне сүйенсек, Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы талдау барысында елордадағы мектептердің бірінде 133 адамның (мұғалімдер мен өзге де қызметкерлер) еңбек құқығы бұзылғанын анықтаған.

"2 ай бойы оларға жалақы төленбеген, бұл олардың Конституциямен кепілдендірілген құқықтарының бұзылуына әкелді", - делінген хабарда.

Қалалық прокуратура енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мектеп қызметкерлеріне 41 млн теңгеден астам жалақы төленгенін, жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Астанадағы мектептердің бірінде жүзден аса қызметкер екі ай бойы жалақы алмаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.