Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есінен тандырды": Алматы орталығында жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының орталығында жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адамардап шекті, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі kris__p__almaty public парақшасында жарияланды. Видеоны көлікте келе жатқан куәгерлер түсіріп алған. Жарияланған кадрларда екі ер адамның төбелесіп, бірінің жерге құлағанын көруге болады.

Видео авторының айтуынша, төбелес Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Видео сипаттамасында: "жүргізушілердің бірі қарсыласқан адамды қатты ұрып, есінен тандырды",- делінген.

Қалалық ПД баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 1988 жылы туған азаматтың жарақатын тексеру мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазіргі уақытта төбелескен ер адамды анықтау және оны ұстауға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде. Шешім қабылдау үшін іс сотқа жіберіледі", - деп хабардар етті ведомстводан.

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044532-esinen-tandyrdy-almaty-ortalygynda-zurgizusilerdin-tobelesi-videoga-tusip-qaldy/

pixel