Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында әйелдің іш киімінен тыйым салынған заттар табылды

Опубликовано:

Басын бұғып отырған қыз
Жалғыз отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында есірткі таратты деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды. Ол тыйым салынған заттарды іш киіміне жасырған, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-портал мәліметінше, Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қала аумағында 31 жастағы әйелдің психоактивті заттарды байланыссыз тарататыны туралы жедел ақпарат алды.

Басылымның ақпаратынша, полицейлер күдіктіні заңсыз заттардың кезекті партиясын тасымалдаған кезде ұстады. Күдікті кэш-бетбелгілерге орналастыру мақсатында тыйым салынған заттарды интернетте сатып алғанын мойындаған.

"Әйелдің іш киіміне жеке тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 12,4 грамм синтетикалық заттан жиырма бес байлам тәркіленді. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044544-pavlodar-oblysynda-aieldin-is-kiiminen-tyiym-salyngan-zattar-tabyldy/

pixel