Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша мектеп SpaceX интернетіне қосылады

Опубликовано:

Телефон қарап отырған оқушылар
Телефон қарап отырған оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 5G технологиясын енгізу және шалғай елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұл туралы үкімет ресми сайтында хабарлады.

Үкімет баспасөз қызметі хабарлауынша, бүгінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында байланыс операторларының 800-ден астам 5G базалық стансасы орнатылған.

Әлихан Смайылов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында 5G желісін енгізу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс екенін еске салды.

Осыған байланысты премьер-министр артық әкімшілік кедергілерді жедел жойып, халықты сапалы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Сондай-ақ жиында биылғы қазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылғаны айтылған.

"Бұл желідегі деректерді беру жылдамдығы секундына 200 Мбит-ке жетеді.

Жалпы, осылайша, республиканың шалғай елді мекендеріндегі 2000 білім беру нысанын жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044626-qazaqstanda-qansa-mektep-spacex-internetine-qosylady/

pixel