Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құруға рұқсат берілуі мүмкін

Опубликовано:

Адамдар
Пікірлесіп отырған адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша заң жобасындағы түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды палата Telegram-дағы ресми арнасында.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәлеметінше, заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мен жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленген.

"Қазақстандықтар кемінде үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құру мүмкіндігіне ие болады (бүгінде ол үшін кемінде он адам қажет). Бұдан бөлек қолданыстағы заңнама нормаларға сәйкестендіріледі, атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі айқындалады, сондай-ақ басқа да мәселелер құқықтық тұрғыда реттеледі", -делінген хабарламада.

Сонымен қатар заң жобасы аясында Азаматтық кодекске, "Қоғамдық бірлестіктер туралы" және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" зандарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізіледі.

Саяси партиялар мен діни бірлестіктер құру бұл заңмен емес, салалық заңнамамен реттелетінін айта кеткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044692-qazaqstandyqtar-us-adamnan-turatyn-toppen-qogamdyq-birlestik-qura-alady/

pixel