Қостанайдың бұрынғы әкіміне тиесілі қымбат мейрамхана қайтадан сатылымға шығарылды
Опубликовано:

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтан тәркіленген "Алтын-Саф" мейрамхана кешені қайтадан сатылымға шығарылды. Мейрамхана кешенінің бастапқы бағасы 805 млн теңгеден асады, деп хабарлайды ТоболИнфо ақпараттық агенттігі.
Тәркіленген "Алтын-Саф" мейрамхана кешені тағы да электронды сауда алаңында сатылымға шығарылды. Бұрынғы аукционда жалпы ауданы 1558,4 шаршы метрді құрайтын ғимаратты ешкім сатып алмаған.
Ақпарат агентігінің жазуынша, мейрамхана кешенінің бастапқы бағасы – 805 млн 529 мың теңге. Биыл қазан айында учаскені бағалау жүргізілген. Бағаны көтеру бойынша аукцион 17 қарашада өтеді.
"Нысан Екатеринбург-Алматы тас жолының бойында орналасқан. Алаңда дәмханасы, отын қоймасы және жапсыра салынған демалыс орны бар. Ғимарат 2014 жылы салынған", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов пара алғаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044709-qostanaidyn-buryngy-akimine-tiesili-qymbat-meiramxana-qaitadan-satylymga-sygaryldy/