Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

inDrive Қазақстанның азаматтық белсенділерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Опубликовано:

белсенділер
Фото: inDrive

Әлішер Елікбаев, Ержан Есімханов және Қазақстанның басқа да азаматтық белсенділері такси агрегаторларының жұмысы туралы пікірлерін бөлісті: олар негізгі проблемаларды, саланы дамытудың оң факторларын және агрегаторларға не жетіспейтінін атап өтті. Талқылау inDrive дөңгелек үстелі аясында өтті.

2023 жылдың қазан айының соңында inDrive компаниясының Алматыдағы кеңсесінде Қазақстанның пікір көшбасшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан тұрғындары қалалық такси қызметін қандай түрде көргісі келетінін, қандай қызметтердің жетіспейтінін, жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін қалай жақсартуға болатынын түсіну болды. Шараға байланыс маманы Әлішер Елікбаев, белгілі заңгер Ержан Есімханов, журналист және азаматтық белсенді Әсем Жәпішева, Tanym жобасының авторы және негізін қалаушы Ұлпан Рамазанова, сондай-ақ Unknownkazak блогының авторлары Диас және Айгерім Камеридановтар қатысты.

Пікір көшбасшылары бүгінгі таңда такси агрегаторларының негізгі мәселелерін атап өтті:

● ауа райының қолайсыздығы мен қарбалас сағаттарда жол жүру бағасының негізсіз өсуі;

● жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы байланыс проблемалары;

● жүргізушілерге де, жолаушыларға да әсер ететін қауіпсіздік мәселелері.

Сонымен қатар саланың дамуының оң факторларын да атап өтілді:

● қала тұрғындарының жайлылық деңгейін арттыру;

● көлікке ие болудан бас тарту;

● қалалық тұрғынға тәуелді адамдарды (балаларды, қарт ата-аналарды) тасымалдаудың жеңілдеуі;

● саладағы сапа стандарттарын арттыру (жоғары сапалы көліктер, темекі шекпейтін салондар; «жол бойынан тоқтату» арқылы такси ұстау тәжірибесі толық жойылды).

Кездесудің бір бөлігі бүгінгі таңда Қазақстандағы барлық такси агрегаторларына не жетіспейтінін түсінуге арналды:

● Кәмелетке толмаған балаларды жүргізушімен бірге жіберу үшін сапарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдікті бірнеше есе арттыру. Мысалы, кейіннен нақты клиенттердің сұраныстарына тұрақты түрде қызмет көрсете алатын жүргізушілермен алдын ала сұхбат алу арқылы (кәдімгі такси мен жеке жүргізушінің синтезі).

● Геймификация және ұпай алмасу арқылы басқа қызметтерге бонустар жинай алу үшін басқа сервистермен интеграция. Мысалы, таксимен жүру үшін олар киноға немесе музыка фестиваліне тегін билеттер алады.

● Автокөлік санаттарының тізімін кеңейту. Мысалы, люкс көліктер, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауға арналған автокөліктер, жоғары санатты көлікте жануарлармен бірге жүру мүмкіндігі.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыру бастамасы inDrive компаниясына тиесілі. Ұйымдастырушылар қалалық саяхат немесе IT саласындағы сарапшыларды емес, әдейі «қызметтің басқа салаларындағы» сарапшыларды мәселеге «сырттан» қарау үшін арнайы талқылауға шақырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бірауыздан мұндай шаралар ұйымдастырушылар сыни пікірлерді, қызметтеріні қалай жақсарту болатыны туралы ұсыныстарды, сондай-ақ бұл қызметтерге түбегейлі жаңа жақсартулар туралы естіп, барлығы бірлесіп ойланатындай өте пайдалы іс-шаралар форматы деген қорытындыға келді. Өйткені ол компанияға өзіне сырттан объективті қарауға, оның күшті және әлсіз жақтарын түсінуге және кең аудиторияның мүддесі үшін өнімді дамыту стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044792-indrive-qazaqstannyn-azamattyq-belsendilerimen-qauipsizdik-maselelerin-talqylady/

pixel