jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда жексенбіде қалалық жарысқа байланысты жолдар жабылады

Марафон
Марафон. Көрнекі фото: almaty-marathon.kz

12 қарашада Алматыда "City Run 2023" қалалық жарысы өтеді. Осыған байланысты қаладағы кей көшелерде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Almaty-marathon.kz ресми сайтынының мәліметенше, сөре және мәре сызықтары Төле би көшесіндегі "Астана" алаңында болады. Маршрут Наурызбай батыр, Шевченко, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінен өтеді. Соған байланысты мына көшелерде көлік қозғалысы шектеледі:

  • Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне ("Астана" алаңы) дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін шектеледі. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.
  • Төле би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 07:45-тен 09:40-қа дейін шектеледі. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.
  • Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін шектеледі. Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Сейфуллин даңғылы.
  • Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:05-тен 09:20-ға дейін шектеледі. Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Абай даңғылы.
  • Панфилов көшесінде Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін шектеледі. Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Назарбаев даңғылы.
  • Бөгенбай батыр көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін шектеледі. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.
  • Абылай хан даңғылында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағт 08:15-тен 09:45-ке дейін шектеледі. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: Назарбаев даңғылы және Сейфуллин даңғылы.

"Алматы марафоны" мәліметінше, City Run – қаланың дәл орталығында өтетін маусымның соңғы жарысы. Жарыс әуесқойларына екі жүгіру қашықтығы ұсынылған — 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс. Сөре сызығына 2200 қатысушы шығады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.