Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығын – 427 млн теңге": СҚО-да шенеунік жөнделмеген жол үшін мердігерге ай сайын заңсыз ақша аударып отырған

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

Айдын Қазжановқа бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Ол Ғабит Мүсірепов ауданындағы іс жүзінде жөнделмеген жолдарды қабылдап, мердігер ұйымның шотына ай сайын ақша аударып отырған.

Мемлекетке келтірген жалпы шығын көлемі – 427 млн теңге. Шенеунікпен бірге жол құрылысымен айналысқан кәсіпкер мен техникалық қадағалау ұйымының сарапшысы да сотталған. 

"Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы орындалмаған жұмыстарды орындалды деп бірнеше актіге қол қойған. Сонымен қатар техникалық қадағалау ұйымының сарапшысы мен кәсіпкер де 7 жылға сотталды. Одан бөлек Петропавл қаласы бойынша 20 көшеге төселген жолдың талапқа сай емес екені анықталды. Қазір кемшіліктерді жойып, лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр", - деп хабарлады облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Әмір Рақымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044882-sygyn-kolemi-427-mln-tenge-sqo-da-seneunik-zondelmegen-zol-usin-merdiger-uiymnyn-sotyna-ai-saiyn-aqsa-audaryp-otyrgan/

pixel