Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде пранк жасаймын деп сотталған қазақстандық блогер бостандыққа шықты (видео)

Опубликовано:

Айдын Түсіповтің бостандыққа шыққан сәті
Айдын Түсіповтің бостандыққа шыққан сәті. Видео кадры: YouTube/akhmadov/

Мәскеуде пранк жасаймын деп 3,5 жылға сотталған қазақстандық блогер Айдын Түсіпов бостандыққа шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ҚАЖК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

"Айдын Түсіпов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД №1 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағандыға кетті. №1 мекемеде Айдын Түсіпов келген күнінен бастап екі жарым ай қамауда болды", - деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Еске салайық, 2021 жылдың наурыз айында қазақстандық пранкерлер Мәскеуде қымбат көлікті ұрлап кеткені белгілі болды. Олардың арасында Айдын Түсіпов те болған.

Ресейлік БАҚ хабарына қарағанда, блогерлер 3,5 миллион рубльге (шамамен 18 миллион теңге) бизнес-класс таксиіне тапсырыс жасап, жүргізушіден жүксалғышты ашуды сұраған. Ер адам сыртқа шыққанда, жігіттердің бірі тізгінге отырып, көлікті айдап әкеткен.

Бірнеше минуттан кейін жастар оқиға орнына оралып, бұл жай ғана әзіл екенін түсіндірген. Алайда қазақстандықтарға қатысты Ресей федерациясының Қылмыстық кодексінің 166-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сол жылдың қараша айында Радмир Хасанов, Айдын Түсіпов және Еркін Думшебай 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынған. Кейін Түсіпов Қазақстанға экстрадицияланғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044895-maskeude-prank-zasaimyn-dep-sottalgan-qazaqstandyq-bloger-bostandyqqa-syqty-video/

pixel