Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында визасыз режим күшіне енеді. Осыған байланысты Air Astana мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуе компаниясының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Әуе компаниясының мәліметінше, Қытайда визасыз жүру 180 күндік кезең аралығында 90 күнтізбелік күннен аспау керек.

Air Astana Алматыдан Бейжіңге аптасына 6 рет Airbus A320 әуе кемесімен, ал Астанадан апта сайын Airbus A321LR ұшағымен қатынайтын болады.

Air Astana өкілінің айтуынша, екі ел арасындағы визасыз режим жолаушылар үшін ғана қолайлы емес, ол сондай-ақ екі елдің шағын, орта және ірі бизнесі үшін іскерлік белсенділікке қосымша серпіліс береді.

"Сонымен қатар біздің отандастарымыз Қытай аумағында өткізілетін түрлі көрмелер мен халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қытайға жиі бара алады. Саяхатшылардың ыңғайлығы үшін әуе компаниясы Қытайға күнделікті Airbus әуе кемелерімен ұшуды ұсынады", - дейді Air Astana әуекомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбек.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім 10 қарашадан бастап күшіне енетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044924-air-astana-qazaqstan-men-qytai-arasyndagy-vizasyz-rezimnin-kusine-enuine-bailanysty-malimdeme-zasady/