Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚАЖД сотталушылардың еден жуып жатқан сәті түсірілген видеоға пікір білдірді

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

Желіде Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде түсірілген видео пайда болды. Видеода іш киіммен жүрген ер адамдарды еден жууға мәжбүрлеп жатқанын көруге болады. Аталған видеоға қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Долинкадағы №31 ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқандарды қорлауда. Сотталушыларды колония әкімшілігіне жақын адамдар "тәрбиелеуде", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Видеода тек іш киім киген сотталушылар кіреберістегі еденді жуып жатқанын көруге болады. Оған қоса видеода оларға өзге жазасын өтеп жатқан адамдардың айқайлап жатқаны естілген.

Видеоға байланысты Қарағанды облысы мен Ұлытау өңірі бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметіне сүйенсек, №31 ұстау мекемесінде бұған дейін де заңсыз әрекеттер фактісі байқалған.

"Қызметтік тексеріс жүргізіліп, қызметкерлер жауапкершілікке тартылды.

Жалған ақпарат таралуының алдын алу үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемеге барды. Сонымен қатар мекемені тексеру қорытындысы бойынша ҚАЖД басшылығы сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді.

Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақталып, қылмыстық-атқару жүйесі басшылығының бақылауына алынды", - деді департамент өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044962-qazd-sottalusylardyn-eden-zuyp-zatqan-sati-tusirilgen-videoga-pikir-bildirdi/

pixel