Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде зейнеткерлерді алдаған 19 жастағы жігіт 24 млн теңгені қалтасына басқан

Опубликовано:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Семейде 15 күн ішінде 6 зейнеткерді сан соқтырған 19 жастағы жігіт ұсталды. Абай облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

КТК арнасының мәліметінше, жас жігіт алаяқтықпен 24 млн теңгені қалтасына басқан. Ер адам ғаламтордан ересек баласы бар зейнеткерлер туралы мәлімет жинаған. Содан кейін оларға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы немесе ұлы жол апатына себепкер боп, қамауға алынғанын хабарлаған. Сонымен қатар баласын абақтыдан босату үшін зейнеткерлерден ақша талап еткен. Сендіру үшін көмек сұрап, ұлы немесе қызының дауысын салып тілдесіпті.

Жас жігіт 15 күннің ішінде алты зейнеткерді сан соқтырып кеткен. Ал ақшаны курьер арқылы алып отырған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Тұрғылықты жері бойынша тінткен кезде ірі ақша, ақша аудармаларының түбіртектері табылды. Мессенджермен, хат-хабарламалар болған ұялы телефон тәркіленді. Сондай-ақ жігіттің нұсқауларға сәйкес әрекет еткені анықталды. Қазір осы қылмысқа қатысы бар басқа адамдар анықталып жатыр", - деді Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045026-semeide-zeinetkerlerdi-aldagan-19-zastagy-zigit-24-mln-tengeni-qaltasyna-basqan/

pixel