Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жүк көлігін айдап әкеткен мас ер адам оның кабинасында ұйықтап қалған

Опубликовано:

жүк көлігі
Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана тұрғыны Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жүк көлігінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Елордалық полицейлер ұрланған көлікті тауып, ішінде мас ер адам ұйықтап жатқанын анықтады. Бұл туралы IIM-нің polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Медиа-порталдың хабарлауынша, көлігінің қолды болғанын айтқан ер адам оны Кербұлақ жолындағы үйдің жанында қалдырған. Ұрланған көлікті іздеуге полицияның тиісті қызметтері жұмылдырылып, жедел іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Республика даңғылының бойында ұрланған жүк көлігін тапқан.

"Аталған көліктің ішінде мас күйде оны тізгіндеп кеткен ер азаматтың  ұйықтап жатқаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 37 жастағы Астана тұрғыны түнде тұрғын үйдің жанынан есігі ашық қалған жүк көлігін көріп, жолға шығуға шешім қабылдап, көлікті ұрлап кеткен. Ұрлық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазады басылым.

Басылым дерегінше, ер адамның бұрын сотты болғаны анықталған. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045070-astanada-zuk-koligin-aidap-aketken-mas-er-adam-onyn-kabinasynda-uiyqtap-qalgan/

pixel