jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Атыраудың бұрынғы әкімі ұсталды

Қайрат Оразбаев
Қайрат Оразбаев. Фото: Ақ Жайық басылымы

9 қарашада жер телімдерін заңсыз бөлуге қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

2020-2022 жылдар аралығында әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталған.

"9 қарашада Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен Атырау қаласының экс-әкімі Оразбаев ұсталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Прокуратура тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті.

Атыраудың бұрынғы әкімі ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.