Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Жарияланған күні:

Әуедегі ұшақ
Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді. Осы ретте Көлік министрлігі отандық әуе компаниялармен бірлесіп екі ел арасындағы рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомстводағылардың мәліметінше, Air Аstana әуе компаниясы жолаушылар ағынының артуына байланысты бірнеше бағыт бойынша рейстер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы-Бейжің бағытында аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін; Астана-Пекин бағыты бойынша аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін; Алматы-Үрімші бағытында аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін ұлғайтылады.

Сонымен бірге келесі жылы Air Аstana әуе компаниясы Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа қытайлық Air Logistics жүк әуе компаниясы қараша айынан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша жүк тасымалына арналған тұрақты рейстерді іске қосуды көздеп отыр.

"Осы ретте бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалатынын айта кеткен орынды. Оның ішінде, "Алматы-Бейжің" бағытында ("Air astana") – аптасына 6 рейс; "Астана-Бейжің" ("Air astana") – 1 рейс; "Астана-Үрімші" (Fly Arystan) – 2 рейс, China Southern Airlines – 2 рейс; "Алматы-Үрімші" (Air astana) – 2 рейс, China Southern Airlines – 7 рейс; "Алматы-Сиань" (China Southern Airlines) – 2 рейс; "Астана-Сиань-Бейжің" (Air China) – 2 рейс; "Алматы-Ханчжоу" (Loong Airlines) – 3 рейс.

Жалпы Қазақстан мен Қытайдың авиациялық билік өкілдерінің арасындағы келісімге сәйкес екі елдің әуекомпанияларына аптасына 84 рейс орындауға рұқсат етілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045132-qazaqstan-men-qytai-arasyndagy-aue-reisterinin-sany-artady/