Қазақстанда саусақ ізін алу тәртібі міндетті бола ма: ІІМ жауабы
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Әділет министрлігі кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары 2024 жылдан бастап дактилоскопиядан өту жайлы мәселеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазақстандықтар қандай да бір құжаттарын алғысы келген жағдайда өз еркімен саусақ ізін деректер базасына енгізуге құқылы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсеновтің сөзінше, бұған дейін елімізде 2024 жылдан бастап жеке куәлік пен төлқұжат беру кезінде саусақ ізін алу міндетті шара деген қаулы қабылданған болатын. Бірақ бүгінде бұл қаулыға өзгеріс енгізіліп жатыр. Ол мақұлданған жағдайда азаматтар саусақ ізін өз еркімен ұсынуға құқылы болады.
"Иә, қазір сондай шешім (дактилоскопиядан өтуді ерікті әрекет қылу – ред. ескертпесі) қабылданды. Заң жобасына түзетулер енгізіліп жатыр, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін өз еркімен енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Шетелдіктер үшін шекарадан өту кезінде бұл міндетті болады, бірақ өзімізде құжат алу кезінде (бұл қызмет – ред. ескертпесі) ерікті болады", - деді Сәрсенов.
Еске салайық, бұған дейін ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев үкіметте өткен брифингте 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардан міндетті түрде саусақ ізі (дактилоскопия) алына бастайтынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045142-qazaqstanda-sausaq-izin-alu-tartibi-mindetti-bola-ma-iim-zauaby/