Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қазақстандықтан саусақ ізі алына ма: Ішкі істер вице-министрі жауап берді

Опубликовано:

Саусақ ізі
Саусақ ізі. Көрнекі фото: pixabay.com

2024 жылғы бірінші қаңтардан бастап барлық қазақстандықтан саусақ ізі (дактилоскопия) алына ма? Бұл сауалға бүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Қожаевтың сөзінше, елімізде саусақ ізін тіркеу туралы заң 2016 жылы қабылданған. Ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыла бастайды.

"Алайда бұл бәріңіз саусақ ізін тапсыруға барасыздар деген сөз емес. Қажеттілігіне қарай, мысалы, құжатыңыздың, жеке куәлігіңіздің немесе төлқұжатыңыздың мерзімі біткен кезде. Құжаттандыру жүйесі Халыққа қызмет көрсету орталығында өтеді. Ол (құжаттандыру жүйесі ред.) өзгермейді. Керісінше сіздің жеке құжатыңызға саусақ ізі түріндегі қосымша қорғаныс енгізіледі", - дейді вице-министр.

Марат Қожаевтың айтуынша, саусақ ізін тіркеу Қазақстан ойлап тауып отырған жаңашылдық емес. Мұндай тіркеу жүйесі көптеген елде бар.

"Түркия, Өзбекстан бұл жүйені баяғыда енгізген. Саусақ ізін алуды енгізудегі басты мақсат – жеке басымызды куәландыратын құжаттарға қосымша биометриялық қорғауды енгізу. Қазір қорғаныс ретінде фотосуретті айтсақ болады. Келесі кезең – саусақ ізін енгізу", - дейді вице-министр.

Бұл ретте ІІМ өкілі саусақ ізін алуды енгізудің тиімді тұстарына да тоқталды. Олардың қатарында құжаттарды жоғалтқан жағдайда тез қалпына келтіру мүмкіндігі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039353-2024-zylgy-1-qantardan-bastap-barlyq-qazaqstandyqtan-sausaq-izi-alyna-ma-iski-ister-vice-ministri-zauap-berdi/

pixel