Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазарнаулыэкспорт" лауазымды тұлғалары ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған ер адам
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астанада "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшылары ұсталды. Олар 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сәйкес, ҚМА Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстаған.

Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚМА өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Айта кетейік, "Қазарнаулыэкспорт" РМК Қазақстан республикасы Қарулы күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсетумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045169-qazarnaulyeksport-lauazymdy-tulgalary-iri-kolemde-qarazat-zymqyrdy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel