Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жалақысын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомПарламент кулуарында журналистер сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан қанша жалақы алатынын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Менің жалақым депутаттардың жалақысына сай. Сәл ғана жоғарылау (миллионнан – ред. ескертпесі)", – деп жауап берді ол.
Сонымен қатар спикер Қазақстанға парламент жоғары палатасы – сенат не үшін керек деген сауалға қатысты пікір білдірді.
"Үш себебі бар. Біріншіден, бұл ел өңірлерінің мүддесін қорғайтын палата. Біздің елде тек Астана мен Алматы емес: елімізде мәселесі көп өңірлер жетерлік. Көбіне олар заң бойынша реттеледі.
Екіншіден, заңдардың басым бөлігі миллиондаған азаматтың тағдырын шешеді, сондықтан оларды өте мұқият талдап, әзірлеу қажет... заңдардың екіұдайы, жеңіл-желпі болмауы, жан-жақты дамуы маңызды. Байқаған болсаңыздар, кей заңдар қайта күшіне еніп, пысықталып жатыр, біз бұл заңдарды өңірлердің мүддесін, этнос қауымдастықтарын ескере отырып қараймыз, ал сенаторлар азаматтарымыздың немесе тағы да басқа әлеуметтік топ мүшелерінің мүдделеріне нұқсан келтіретін белгілі бір нормаларда қате кетіп қалмауын қадағалайды.
Үшіншіден, сенат еліміздегі бүкіл саяси құрылымның тепе-теңдігі жағынан өте маңызды рөл атқарады", - деді ол.
Оның айтуынша, сапалы заңдар дайындау үшін қос палаталы парламенттің маңызы зор.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045181-senat-spikeri-maulen-asimbaev-zalaqysyn-aitty/