Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ArcelorMittal Қазақстандағы еншілес компаниясының құны қанша млн доллар екенін айтты

Опубликовано:

"АрселорМиттал Теміртау"
"АрселорМиттал Темиртау". Фото: gov.kz

ArcelorMittal компаниясы "АрселорМиттал Теміртау" активтерінің құнын 1,8 миллиард долларға бағалады. Сонымен қатар еншілес компанияны мемлекетке беру туралы келісім жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды компанияның баспасөз релизіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ArcelorMittal өзінің ресми сайтында 2023 жылғы үшінші тоқсанның нәтижелерін жариялады.

Баспасөз хабарламасында 22 қазанда Қазақстан үкіметімен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының меншік құқығын Қазақстанға беру туралы алдын ала келісімге қол қойылғаны жазылған.

"Компания бұл келісімді мүмкіндігінше тезірек аяқтауға мүдделі", - делінген компания мәлімдемесінде.

Сонымен бірге компания AMT активтерін 1,8 миллиард долларға бағалады.

"2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша "АрселорМиттал Темиртау" активтері ArcelorMittal балансында 1,8 млрд доллар деп көрсетілген", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045221-arcelormittal-qazaqstandagy-ensiles-kompaniyasynyn-quny-qansa-mln-dollar-ekenin-aitty/

pixel