Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығын 80 млн теңге: СҚО-да бұрынғы полицейлер қаржы пирамидасын құрды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызылжарда бұрынғы полицейлер қаржы пирамидасын құрып, халықты арбауына түсірді деген күдікке ілінді. Экономикалық тергеу департаменті Qnet компаниясының өкілдеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна тілшісінің айтуынша, заңсыз кәсіпорын 2018-2021 жылдары жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында қаржы пирамидасының арбауына 70 адам түскен. Шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады.

Бұл компанияға құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері жетекшілік еткен. Қазір экономикалық тергеу департаментінің өкілдері аталған топтан жапа шеккен тағы бірқатар азаматты іздестіріп жатыр.

"Қаржы пирамидасын құрған бұрынғы полиция қызметкерлері халық арасында сыйлы болған. Олар жұрттың сенімін пайдаланып, Qnet-ке тартып отырған. Жапа шеккен азаматтардың арасында қарамағанда жұмыс істеген әріптестері, жолдастары, таныстары бар. Әрбіреуі бастапқы жарна ретінде 600-800 мың теңге салған. Алайда, ақшасын қайтара алмаған. Қаржылық пирамида өкілдері қамауға алынды. Тергеу аяқталғасын олардың істері сотқа жолданады", - деді СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Жанна Сарымсақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045228-sygyn-80-mln-tenge-sqo-da-buryngy-policeiler-qarzy-piramidasyn-qurdy-dep-kudiktelude/

pixel