"ІІМ басшылығының бақылауында": Бишімбаевтің ісіне қатысты Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Бұл туралы Астана полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
"Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарда.
Астана қаласы полиция департаменті тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
"Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске саламыз",- деп ескертті Астана қаласы полиция департаментінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045305-bisimbaevtyn-isi-iski-ister-ministrligi-bassylygynyn-baqylauynda/