Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Ресей шекарасында электронды кезек іске қосылды

Опубликовано:

Жолдағы жүк көліктері
Жолдағы жүк көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында "Бидайық" автомобиль өткізу пунктінде "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесін қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылған еді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, "CarGoRuqsat" тасымалдаушыларға Ресей Федерациясымен шекарадан өту үшін кезекті алдын ала брондау мүмкіндігін береді.

"Пилоттық жоба шеңберінде электрондық кезекті брондау тегін негізінде жүзеге асырылады. Электрондық кезекті қолдану шекарадан өтудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жүк автокөліктердің жиналуына жол бермейді. "CarGoRuqsat" мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, бұл бақылау функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға және адами факторды алып тастауға мүмкіндік берді", - деп хабарлады комитеттен.

Электронды кезекті брондау кезінде сақтандыру полисі, тасымалдауға рұқсаттар, ақылы жолдар бойынша берешектер және тағы басқа ақпарат автоматты түрде алынады. Құжаты түгел тасымалдаушылар шекарадан 10-15 минутта өте алады.

"Пилоттық жобаның басынан 10 күн өткенінен "CarGoRuqsat" бойынша 123 жүк автокөлігі электронды кезекке брондалды, оның ішінде 79 автокөлік Ресей Федерациясына өтті, 44 автокөлік кезекке сәйкес өткізу пунктіне енді келеді.

Жалпы, "Бидайық" өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейді, жүк автокөліктерінің жиналуы байқалмайды", - длінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045326-qazaqstan-resei-sekarasynda-elektrondy-kezek-iske-qosyldy/

pixel