jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Газадағы әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды": Қазақстан делегациясы ИЫҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысты

Сауд Арабиясындағы ИЫҰ саммиті
Сауд Арабиясындағы ИЫҰ саммиті. Фото: СІМ

Қазақстан делегациясы Сауд Арабиясындағы ИЫҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысты. Саммитке қатысушы мемлекеттер Газа секторындағы әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды СІМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомсвто мәліметінше, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Палестина мәселесі бойынша кезектен тыс бірлескен Саммитіне қатысты.

Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері қатысты. Қатысушылар Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт жолмен шешу, Палестинаға заңды аумақтарды қайтару қажеттілігі туралы пікір білдірді, сондай-ақ Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

"Қазақстан Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақыра отырып, ИЫҰ-ға қатысушы елдермен ынтымақ танытты және танытуды жалғастыруда", – деді СІМ министрі Мұрат Нұртілеу.

"Газадағы әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды": Қазақстан делегациясы ИЫҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.