Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамханадағы өрт: Алматы қалалық ТЖД өрт сөндірушілерге қауіп төнгенін мәлімдеді

Опубликовано:

Оқиға болған жер
Оқиға болған жер. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда 11 қарашада, түнгі уақытта мейрамханалардың бірінің шатыры өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетіп, өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды қалалық ТЖД ресми сайтында.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт сөндірушілерге тоқ соғу қаупі төнген.

11 қарашада сағат 22:38-де өрт сөндірушілер мен техника жедел Медеу ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 17 мекенжайына жіберілген.

"Жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілген өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Алайда өрт сөндірушілерге қауіп төнген– 380 вольтты электр желісінің тоқ көздері ашық болған. Жеке құрамның арасында қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, жедел келген авариялық энергетика қызмет бригадасы нысанды тоқ көзден ажыратып тоқтағанша күтуіне тура келді", - деп хабарлады департаменттен.

Қызыл жалын "Modi Restoranchik" мейрамханасының 95 шаршы метр шатырын шарпыды. Өрт сөндірушілер өртті толығымен сағат 23:25-те сөндірді. Зардап шеккендерп жоқ.

"Қабылданған шара бойынша жақын орналасқан тұрмыстық үй-жайлар өрттен қорғалды.

Өртті жоюға 30 адам мен 8 техника жұмылдырылды", -делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілердің қызыл жалынды қалай сөндіргенін де көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045348-meiramxanadagy-ort-almaty-qalalyq-tzd-ort-sondirusilerge-qauip-tongenin-malimdedi/

pixel