Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде жарияланған видеодан кейін Жетісу полициясында тексеріс басталды

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желілерде полицейдің ер адамның "әкім орынбасарының әйеліне" мемлекеттік нөмірді қайтаруды сұрап телефон шалғаны туралы видео жарияланды. Бұл оқиғаға қатысты Жетісту облысының полициясы өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook-аккаунтында жүргізушіге көліктің мемлекеттік нөмірін қайтаруды сұрап хабарласқан адамның әңгімесі жазылған видеоны жариялады.

Басылымның сипаттамасында Талдықорған полициясының қызметкері мен өзін "223" деп таныстырған ер адам арасында диалог болған.

"Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін облыс әкімі орынбасарларының бірінің жұбайын ұстады. ( ... ) Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлерінің біріне телефоны қоңырауы түсті.

Қоңырау шалушы өзін "223" деп таныстырып, неге Марат көліктің мемлекеттік нөмірін қайтармағанын сұрайды. Полиция қызметкері мемнөмірді қайтарудан бас тартып, бәрін заң жүзінде жасайтынын айтқанда телефон шалушы мемлекеттік нөмірді беруді сұрады, тағы бір рет әкім орынбасарының әйелі екенін ашық айтқан. Алайда ол бұл дәл әкімнің қай орынбасарының әйелі екенін нақтыламайды.

"Полиция қызметкері мемлекеттік нөмірді шенеуніктің әйеліне берді, бірақ ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырды", - деп жазды Дүйсенова.

Өңірлік ПД өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Видео қызметтік тексеру дерегі бойынша ұйым назарына алынды. Роликте жазылған диалог полиция қызметкерлері арасында болғаны расталған жағдайда, іс жүзінде қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады. Тексеріс нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045378-zelide-zariyalangan-videodan-keiin-zetisu-policiyasynda-tekseris-bastaldy/

pixel