Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Қазақстанның үш қаласында жасырылған 500 есірткі орамын анықтады (видео)

Опубликовано:

Жасырылған есірткі орамы
Жасырылған есірткі орамы. Фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының аумағында байланыссыз жасыру әдісімен марихуана және гашиш есірткі құралдарын сатумен айналысқан интернет-дүкенге тосқауыл қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы интернет-дүкеннің операторы және курьері болған оралдық екі тұрғын ұсталғаны айтылады.

Олар 500-ден астам есірткі орамын Атырау, Орал және Ақсай қалаларында бұрын жасырып кеткен. Орамдардың 300-ден астамы Атырауда Жайық өзенінің жағасындағы қоғамдық орындардан табылған. Қазіргі таңда есірткі дүкенін ұйымдастырушыны анықтау және оны бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі интернет-дүкендердің 19 ұйымдастырушысын, 105 оператор мен 297 есірткі жасырушыны ұстады. Есірткі құралдарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3500 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды", – дейді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Еске салайық, Қылмыстық кодекстің 297-бабына сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтарына қатысты ірі мөлшерде жасалған дәл сол әрекеттер мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

  • адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған іс-әрекеттер;
  • бірнеше рет;
  • есірткі құралдарына,
  • психотроптық заттарға,
  • олардың аналогтарына қатысты аса ірі мөлшерде;
  • лауазымды адам қызметтік жағдайын пайдалана отырып;
  • электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы;
  • қоғамдық орында – мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Қылмыстық топ жасаған осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын білім беру ұйымдарында не көрінеу кәмелетке толмаған адамға өткізу мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады", - делінген кодекс мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045384-policeiler-qazaqstannyn-us-qalasynda-zasyrylgan-500-esirtki-oramyn-anyqtady-video/

pixel