Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аялдама әйнегін сындырған тұрғын ұсталды (видео)

Опубликовано:

Астанада вандализм жасаған тұрғын
Астанада вандализм жасаған тұрғын. Видео кадры: police__astana

Елорда көшелерінде вандализм жасаған тұрғын ұсталды. Ол жасаған ісін мойындап, кешірім сұрады. Бұл туралы Астананың полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Оқиға Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында болған. Видео кадрларынан ер адам әйнекті бірнеше рет тепкілеп, оны сындырғанын көруге болады. Видеоға түсіргендер оның әрекетін қолдап, күліп тұрғаны естіледі.

"Қабылданған шаралар барысында ер адам анықталды. Оның әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ер адам жасаған ісін мойындап, өз әрекеттері үшін көпшілік алдында кешірім сұрады.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері вандализмнің жүзден астам дерегі анықтағаны хабарланып отыр. Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045390-astanada-ayaldama-ainegin-syndyrgan-turgyn-ustaldy-video/

pixel