Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 2,1 млрд теңге жымқыру ісі тергеліп жатыр: екі күдікті қамалды

Опубликовано:

ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚМА telegram-арнасына сілтеме жасап.

ҚМА аумақтық Департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілді.

2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Басшы мен есепшіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Тергеу жалғасып жатыр. Алайда Қаржы мониторингі агентігі өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045401-almaty-oblysynda-21-mlrd-tenge-zymqyru-isi-tergelip-zatyr-eki-kudikti-qamaldy/

pixel