jitsu gif
Оқыс оқиға

    Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы қыз зорлады деген күдікпен қамалды

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: piqsels.com

    Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінген.

    "Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Барлық мән-жай қажетті сараптамалар тағайындалған соң сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді", - делінген хабарда.

    Облыстық ПД қылмыстық істі тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауына алынғанын мәлім етті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.