Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы ауданда бюджет қаражатын жымқыру дерегі тіркелді

Опубликовано:

ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Абай облысы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің өкілдері мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды бірнеше рет заңсыз жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасы ресми сайтында.

Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің 270 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттар заңсыз жасалған 37 фактіні анықтады.

Аудандық прокуратура ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, оған 5,4 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлады.

Сонымен қатар ауданда бюджет қаражатын ұрлау дерегі де анықталған.

"Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді. Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төленді. Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты", - деп хабарлады аудандық прокуратурадағылар.

Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сондай-ақ тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045449-abai-oblysyndagy-audanda-byudzet-qarazatyn-zymqyru-deregi-tirkeldi/

pixel