Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жүргізуші полицейлерге 1 миллион теңге пара бермек болған

Опубликовано:

пара беру
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте мас жүргізуші жауапқа тартылмау үшін полицейлеріне 1 млн теңге пара ұсынған, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталдағы мәлімет бойынша, түнде қаланы тексеру кезінде Шымкент патрульдік полициясының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол бойымен бейберекет жүріп келе жатқан көлікті байқаған.

Кейін полицейлер көлікті тоқтатқан. Олар салонда алкогольдің иісін сезіп, жүргізушіден медициналық тексеруден өтуін сұраған.

"Ер адам оны жауапқа тартпау үшін оларға 1 млн теңге ұсынды", - деп жазылған басылымда.

Осы кезде тәртіп сақшылары жағдайды дереу қаладық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарланған. Ал жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізілген.

Басылым өкілдерінің жазуынша, тексеру нәтижелері жүргізушінің мас күйде болғанын және жүргізуші куәлігінсіз тізгіндегенін растады.

Полиция өкілдері Қылмыстық кодекстің 346 және 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045464-symkenttik-zurgizusi-policeilerge-1-million-tenge-para-bermek-bolgan/

pixel