Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада құрылысы рұқсатсыз жүргізілген тұрғын үй кешені бұзылады

Опубликовано:

Қолына кілт пен үйдің макетін ұстаған адам
Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүргізілген тұрғын үй бұзылмақ. Үй кешені Алматы ауданында орналасқан, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және нысанның құрылысын өз бетінше бастаған. Құрылыс салушы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 316-бап және 319-бап, 321-баптың 1-бөлігі, 463-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша ұйғарым бере отырып, жауапқа тартылды.

"DBK-Engineering жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас мердігеріне қатысты Қазақстан Республикасы кодексінің 313-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама жасалды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот елорданың қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасының талабын қолдады және құрылыс салушыны тұрғын үй кешенін бұзуға міндеттеді", - деп жазылды Астана қаласы әкімдігінің сайтында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045540-astanada-qurylysy-ruqsatsyz-zurgizilgen-turgyn-ui-keseni-buzylady/

pixel