jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Алматыда жаздық дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

    дөңгелек ауыстыру
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы қаласының жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жаздық дөңгелекпен жүрген көлік жүргізушісі 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Алматы арнасы.

    Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізуші анықталған жағдайда полиция қызметкерлері айыппұл салуға құқылы.

    Мұндай заңбұзушылық үшін айыппұлдың ең төменгі мөлшері 5 АЕК құрайды. Егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай құқық бұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

    "Қыс таяп қалды. Сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық автокөлігіміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл қауіпсіздік талаптары. Өйткені, ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашын басталғаннан кейін хаос басталады. Оның себебі - жүргізушілердің қыс мезгіліне дайын еместігінде", - дейді Салтанат Әзірбек.

    Сонымен қатар Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды. Полицейлер бұл бағытта 1 қарашадан бастап профилактикалық жұмыстарды бастаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.