Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында полицейлерге оқ атқан көлік жүргізушісі ұсталды

Опубликовано:

жүргізуші авто 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қостанай облысында көлік жүргізушісі жол полициясының көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған. Ер адам полицейлерден қашу мақсатында оларға қарудан бірнеше рет оқ атқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 12 қарашада полиция габариттік шамдарын қоспай жүріп келе жатқан УАЗ автокөлігін байқаған. Жүргізушінің мінез-құлқы полиция қызметкерлеріне күдік тудырды. Полицейлердің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабына жүргізуші жауап бермеген және рөлді басқара алмай, кюветке шығып кетеді.

Сондақ-ақ жүргізуші қашпақ болып, тәртіп сақшыларына қарай бірнеше рет қарумен оқ атқан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып, көлікті тастап, қаруды өзімен бірге алып кеткен.

Аудан аумағында “Сирена” жоспары жарияланып, жеке құрам дабыл бойынша көтерілді. Қостанай облысы полция департаменті арнайы бөлімшесінің қатысуымен өткен іздестіру іс-шаралары барысында ауданның 35 жастағы тұрғыны мас күйінде, өзінің танысының пәтерінде ұсталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық Кодекстің 380-1-бабы бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша аңшылық қос ұңғылы мылтық, патрондар мен спирттік ішімдіктер тәркіленді. Қазіргі уақытта қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сол күні қылмыскер күдікті деп танылып, Қарабалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер ұсталған адам бұрын тәртіп сақшыларының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын ескермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045547-qostanai-oblysynda-policeilerge-oq-atqan-kolik-zurgizusisi-ustaldy/

pixel