Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаза тапқандар бар": Алматы облысында танымал блогер жол апатына ұшырады

Жарияланған күні:

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Танымал қазақстандық блогер Саяхатшы Диас Ұзынағаш–Күрті тас жолында болған жол апатынан зардап шекті. Бұл жайлы Алматы облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жол апатының суреті Egov.press Telegram арнасында жарияланды. Суретте апатқа ұшыраған қара көлікте "Саяхатшы Диас" деген жазу бар екенін көруге болады.

"Кей ақпарат көздері атақты блогер Саяхатши Диастың достарымен бірге адам өліміне әкелген апатқа ұшырағанын хабарлайды", - деп жазды басылым.

Жазбаға Алматы облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі пікір білдіріп, жол-көлік оқиғасының кеше, 12 қарашада Жамбыл облысындағы Ұзынағаш–Күрті тас жолында болғанын хабарлады.

"Mercedes маркалы көлікті басқарған 20 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан Mercedes көлігіндегі 2002 және 2003 жылы туған екі жолаушы алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды", - деп мәлім етті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, Mercedes көлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен 15 жастағы жолаушы дене жарақаттарымен Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша аудандық ішкі істер органдарына тіркелді.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне блогер Саяхатшы Диастың жол апатынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті.

Айта кетейік, Саяхатшы Диас - TikTok желісіндегі танымал блогер. Оның 30 мыңнан астам оқырманы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045548-qaza-tapqandar-bar-almaty-oblysynda-tanymal-bloger-zol-apatyna-usyrady/