Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу өңірінде екі ер адам мыңға жуық ағашты заңсыз кескен

Опубликовано:

Орман
Орман. Көрнекі фото: pixabay.com

Жетісуда жол бойындағы орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталдың мәліметі бойынша, бұл факт Ақсу ауданында тіркелді. Онда құқық қорғау органдары жаңа кесілген ағаш пен жүк тиелген тіркемесі бар жүк көлігін ұстады. Тексеру барысында Қызылағаш және Сағабүйен кенттері арасында заңсыз ағаш кесілгені анықталды.

"Орман алқабында барлығы 1000-ға жуық ағаш кесілген. Көлемі мен келтірілген залал әзірге анықталып жатыр. Осы жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 340-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды", – деді Ақсу ауданының полициясы.

Басылым ақпаратынша, заңсыз ағаш кесу дерегі бойынша Талдықорған мен Алматыдан келген 38 және 28 жастағы екі тұрғын күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045569-zetisu-onirinde-eki-er-adam-mynga-zuyq-agasty-zansyz-kesken-is-tergeuge-alyndy/

pixel