Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының тұрғыны балаға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Фото: Angel Garcia/Getty Images

Павлодар облысының тұрғыны ақпараттық жүйені пайдаланып, 12 жасар қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бабы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина айтты.

Бибігүл Қамзинаның сөзінше, бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша құқық бұзушылық жуырда, яғни 31 қазанда солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөлімінде тіркелді.

"30 қазанда сағат 12:00 шамасында Павлодар ауылының 32 жастағы тұрғыны ақпараттық жүйені пайдалану арқылы 12 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай, азғындық әрекеттер жасағаны анықталды", – деді Бибігүл Қамзина.

Басылым ақпаратынша, күдікті ұсталған және тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды қабылдау бөліміне орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045573-pavlodar-oblysynyn-turgyny-balaga-azgyndyq-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel