Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Босқа ақша жұмсамасын": БҚО-да тұрғындар қоқыс полигонынан жер телімі берілуіне қарсы (видео)

Опубликовано:

Теректі ауданындағы қоқыс полигоны
Теректі ауданындағы қоқыс полигоны. Видеодан кадр: youtube.com/@astanatv8263

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының шенеуніктері үй салатын жер телімін қоқыс полигонынан бермек. Тұрғындар күл-қоқысқа айналған жерге тұруға наразы, деп хабарлайды AstanaTV арнасы.

Телеарна мәліметінше, қоқыс полигоны 16 жыл бұрын ашылған. Сол кезден бері мұнда 4 ауылдың тұрмыстық қалдықтары төгіліпті. Енді тұрғындар осы аумақтан жер берілуіне қарсы.

Тұрғындардың айтуынша, қоқыс полигонының іргесінде мал моласы бар. Сондықтан қазылған жерде түрлі ауру тарап, елді індет жайлауы мүмкін.

"Мына қоқыстан бермесін. Бұдан бәрібір ешкім алмайды. Суды өткізіп тастап, ақшасын жұмсап қойды ғой. Енді ертең электрофикация келеді, газ келеді. Ол тағы шығын болады. Босқа ақшаны жұмсамасын, одан да артық ақшаны мына үйлердің арасына жол салуға жұмсасын", - дейді Теректі ауданының тұрғыны Ғұбайдолла Күзембаев.

Тілшінің мәліметінше, бұл жерде қоқысты ортасынан күреп, көше жасалған. Тіпті осы көшенің бойымен су тартып, әр үйдің тұсынан құбырын шығарып қойған. Шенеуніктер мұның бәріне 200 млн теңге жұмсапты.

"Біз қазір басқа жерден қарап жатырмыз. Қазірдің өзінде бұл - үлкен мәселе. Полигонды басқа жерге ауыстыру деген экология департаментімен келісіліп шешілетін нәрсе. Келесі жылға таман бұл қоқысты тазартып береміз деп отырмыз", - деді Теректі ауданы сәулет, қала құрылысы бөлімінің бас маманы Мұрат Сұлтанғалиев.

Шенеуніктер енді жерді басқа аумақтан береміз деп жауап берген. Олардың айтуынша, енді полигонды көшіруге 20 миллион теңге жұмсалмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045581-bosqa-aqsa-zumsamasyn-bqo-da-turgyndar-qoqys-poligonynan-zer-telimi-beriluine-qarsy-video/

pixel