Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Газа секторынан 120-дан астам Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері эвакуацияланады

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Рафах" өткелі
"Рафах" өткелі. Фото: Ali Moustafa/Getty Images

Бүгін, 14 қарашада 122 азамат - қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Газа секторынан "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуацияланады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шекара өткелдері бас басқармасының Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Газада гуманитарлық көмек тиелген 100 шақты жүк көлігі тоналды

Газа секторының шекара өткелдері мен шекаралар бас басқармасы Facebook-тегі ресми парақшасында сейсенбі, 14 қарашада "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуацияланатын азаматтардың тізімін жариялады.

Тізімдегі "Қазақстан" деген бағанда Қазақстан мен Палестина азаматтығын алған 122 адам бар, оның ішінде 62 кәмелетке толмаған баланың аты-жөні көрсетілген.

Ведомство тізімде көрсетілген азаматтар өткізу пунктінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00) сыртқы өткел залында болуы керектігін ескерткен.

Еске сала кетейік, кеше Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау басталғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045589-bugin-gaza-sektorynan-120-dan-astam-qazaqstan-azamaty-men-olardyn-otbasy-museleri-evakuaciyalanady/